Абай облысында 100-ден аса оқушы “Құстарға үй сыйлады”

Семейлік оқушылар Бейбітшілік аралында “Құстарға үй сыйла” экологиялық акциясын өткізді.

Бейбітшілік аралында “Құстарға үй сыйла” экологиялық акциясы өткізілді.

Акция мақсаты - Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде оқушыларды құстарға қамқорлықпен қарауға, табиғатты аялауға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға тәрбиелеу. Акцияға Семей қаласының жүзден астам мектеп оқушысы мен интернат тәрбиеленушілері қатысты.

Олар құстарға арналған 130-ға жуық ұя дайындады.

Айта кетейік, акцияға қаланың жеті мектеп оқушылары жұмылдырылды.

Сурет: Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі