Қазақстанда энергетика жобаларына жеңілдікпен несие берілуі мүмкін. Бұл туралы LS-ке Ұлттық экономика министрлігінде хабарлады.
Министрліктің ақпараты бойынша, электр энергетикасы саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде даму жобаларына жеңілдікпен несие беру мәселесін пысықтау жоспарланған. Оның ішінде инфрақұрылымды жақсарту туралы сөз болып отыр.
Ұлттық экономика министрлігі бұл жеңілдетілген несие энергия кәсіпорындары жабдықтарының сенімділігі мен тозуын шешуге, Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің орнықтылығын бұзу және ірі жүйелік авариялардың туындау тәуекелдерін төмендетуге бағытталатынын атап өтті.
"Бүгінгі таңда АЭК электр желілерін несиелеу мәселесі электр энергетикасы саласының жобаларын жеңілдікпен қаржыландырудың нақты тетіктері талқылануда. Сондай-ақ, тозу деңгейі жоғары энергетика саласының басым жобаларын жеңілдікті қаржыландыру тізбесі қалыптасу сатысында тұр", — деп түсіндірді министрлікте.
Бұған дейін, LS редакциясы электр желілерін жөндеуге инвестициялар көлемі 2023 жылдың қорытындысы бойынша 61 млрд теңгені құрауы мүмкін екенін хабарлаған болатын.