Қазақстан мен Оңтүстік Корея жалпы құны $1,5 млрд-тық 5 жаңа инвестициялық жобаны белсенді түрде пысықтауда

ҚР-ның Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Оңтүстік Кореяның сауда министрі Ан Док Гын жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, соңғы 18 жылда Қазақстанға 9,2 млрд долларға жуық инвестиция тартылған. Ал былтыр Кореядан келген тікелей инвестицияның жалпы көлемі 85%-ға өсіп, жаңа рекордтық 1,5 млрд долларға жетті. Бұл жөнінде ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Оңтүстік Кореяның сауда министрі Ан Док Гынмен жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылау кезінде айтты.

"Бүгінде жалпы құны 1,5 млрд доллар болатын 5 жоба жүзеге асыруға дайын және жалпы құны шамамен 500 млн долларлық тағы 25 перспективалық жоба әзірленуде. Айқын мысал ретінде, Қостанайдағы жылына 70 мың автокөлік өндіруге қуаты бар, инвестиция көлемі 190 млн доллар жаңа ірі KIA зауытының құрылысын атауға болады", – деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Ан Док Гын Оңтүстік Корея Қазақстанмен экономиканың әртүрлі саласы бойынша белсенді технологиялық ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті. Оның сөзінше, егер ол сәтті жүзеге асырылса, Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі үлгіге айналмақ.

"Қазақстандағы KIA зауыты сияқты жобалардың маңызы зор. Егер ол сәтті жүзеге асырылса, Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі үлгіге айналмақ. Бұл басқа да осындай зауыттар мен өндірістердің құрылысына ықпал етеді", — деді Оңтүстік Кореяның сауда министрі.

Сурет: primeminister.kz