Қырғызстантанда дәстүрлі емес жыныстық көзқарасты насихаттауға тыйым салынды. Президент Садыр Жапаров балалардың ақпараттық қауіпсіздігі туралы заңда бұған қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Настоящее время" басылымына сілтеме жасап хабарлайды. |
Құжатқа сәйкес, егер ақпаратта отбасылық және дәстүрлі әлеуметтік құндылықтарды жоққа шығару белгілері болса немесе туыстарына құрметсіздік білдіретін болса, балалар үшін де зиянды болып саналады.
Сонымен қатар, заң балаларды өз-өзіне қол жұмсауға, есірткіге, темекі мен алкогольге, құмар ойындарға, жезөкшелік пен қайыршылыққа итермелеуге тыйым салады.
Басқа да тыйымдарға "құқықсыз әрекетті ақтау", әдепсіз сөздер, порнография, адамдар мен жануарларға қатыгездік жатады.