Йемендік студент хостелде шыққан өрт туралы айтып берді,. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина факультетінің студенті Ахмед Файиз Ахмед Аль-Гобэйдің айтуынша, бөлмелердің бірінде матрас өртенуі мүмкін.
"Таңғы сағат 5-те шу мен айғайды естідік. Кейбір мәліметтер бойынша, жертөледегі матрас өртенген. Бірақ оның қай жерде екенін білмеймін. Біз төлқұжаттарымыз бен күртелерімізді алып, далаға шықтық", — деді шетелдік студент.
Сондай-ақ, ол кейбірі қою түтіннен далаға шыға алмай қалғанын айтты.
"Бөлмеміз алдыңғы есіктің қасында болғандықтан, түтін болған кезде сыртқа шығып үлгердік. Алайда, алдыңғы есіктен ары тұрғандар – іште адасып қалды. Біреулер терезелерді ашып, сол арқылы сыртқа шықты", — деп бөлісті студент.
Сондай-ақ, студент "университет және жатақханамен келісім бойынша" осы хостелге орналастырылғанын айтты.