Мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды

Мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"2024 жылғы 16 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", — делінген Астана қалалық білім басқармасының хабарламасында.

Елордада осы уақытта термометр бағаны – 32 градусты көрсетіп тұр.

Осыған дейін Павлодарда 1 ауысымдағы мектеп оқушылары қашықтан оқитынын хабарладық.