"Әлімұлы рулық бірлестігінен тарайтын Төртқара руынан шыққан": Блогер Жалаңтөс Баһадүр туралы бар шындықты жайып салды (ВИДЕО)


Блогер Ғалымжан Сәңкібаев әйгілі батыр Жалаңтөс Баһадүр туралы бар шындықты жайып салды.

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Жалаңтөс Баһадүр туралы Өзбекстан үлкен фильм шығарды. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтың тапсырысымен үлкен қазақ батыры туралы фильм шығарды. Әрине ол жерде өзбек батыры ретінде көрсетілмек. Бірі ол өзбектің батыры, қазақтың батыры, тіпті қырғыздың батыры деп жатады. Дегенменде тарихқа көңіл болатын болсақ, тарихқа барынша қарайтын болсақ ол жерде оның қазақ батыры екенін көруге болады. Өйткені ол Самарқандтағы Бұқара губернаторының генералы болғаныменде оның руына мән берейікші. Сырдарияның саға жағалауын мекен еткен Алшын елінің Әлімұлы рулық бірлестігінен тарайтын Төртқара руынан шыққан. Төртқара деген ру бізде Батыста әсіресе Ақтөбе жақта көп. Төртқара руынан бізде қазақтар көп сондықтан да Жалаңтөс Баһадүрді әлбетте қазақ деуге болады", — деді блогер.