ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Мақпал Жүнісова халықты мошенниктерден сақ болу керегін айтып, видео үндеу жолдады. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
-Құрметті халайық! Ешкімге сенбеңіздер! Ешқандай дауыс бермеңіздер! Мынау тонаушылық. Менің ватсабым істемей қалды. Дәлел Уашқа дауыс беріп едім. Содан телефоным істемей қалды. Ақша қағып алған. Сұмдық қой. Мынандайларды тоқтату керек. Кімге айтамыз. Соттасып жүруге уақыт та жоқ. Концертте дайындықтан қол тимей жатыр. Сенбеңіздер! Маған дауыс керек болса, өзім-ақ айтамын. Мен жас әнші емеспін, конкурсқа қатысатын. Мен тапсырма беремін. Мошенниктерді ұстасып, деп әнші халықты сақтыққа шақырды.