Семей қаласы әкімнің шыршасы өтті

Биыл Жаңа жылдық мереке ерекше форматта өтті

Оған Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов және қала әкімінің орынбасары Жаныбек Мукатаев қатысты.

Қала әкімінің шыршасына қатысушылар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқан, шығармашылықта, сонымен қатар өнерде жетістіктерге жеткен дарынды балалар қатысты.

Жаңа жылдық қойылым екі бөлімнен тұрды. Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы қызметкерлері дайындаған, балалар шығармашылық ұжымдарының қатысуымен театрландырылған, музыкалық сүйемелдеумен жаңа жылдық қойылымды тамашалады. Сондай-ақ балалар жаңа жылдық шыршада Аяз Ата және Ақшақармен би биледі.

Сонымен қатар, шара барысында қала әкімінің атынан балаларға сыйлықтар жиынтығы үлестірілді.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі